KTZ Express Қытайдан Өзбекстанға контейнерлік пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды

KTZ Express Қытайдан Өзбекстанға контейнерлік пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды

KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.

KTZ Express акционерлік қоғамының 50 қырықфуттық контейнері ағымдағы жылдың 7 тамызында Иу Си стансасынан (ҚХР) жөнелтілді.

Әрі қарай халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк пойыз Алашанькоу шекара бекеті арқылы, кейін Достық (ҚР) стансасы, Сары-Агаш - Келес (Ресей) және Сергели (Ресей) торабымен жүріп өтті.

Пойыз Қытайдан Ташкентке дейінгі қашықтықты транзитпен Қазақстан арқылы 9 күн ішінде межелейді.

- KTZ Express өз алдына логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынуды міндет етіп қояды, және де толықтай Компания меншігіндегі контейнерлерден құралған Иу - Ташкент бағытындағы пойыз – бұның айқын дәлелі. Агенттік желі мен шетелдердегі өкілдіктерді дамыту халықаралық бағыттағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру және жіберудің бай тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда қытайлық серіктестерімізге ыңғайлы болу үшін KTZ Epress қызметтері мен контейнерлік жабдықтары Қытайдың барлық ірі провинцияларында ұсынылған, - дейді «KTZ Express» акционерлік қоғамының басшысы Дмитрий Абдуллаев.