«KTZ Express» АҚ, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ және «ГК «Порт Ляньюньган» ЖШҚ Ақтау порты базасында Контейнерлік хаб құрылысын іске асыру мәселелері бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.
.jpg&w=2048&q=75)
2024 жылғы 3 шілдеде Астана қаласында келіссөздер өтіп, оның шеңберінде Тараптар құны 96 млн доллар болатын Жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрудың негізгі шарттары бойынша келісімге қол жеткізді.
Бірлескен кәсіпорын Ақтау портындағы жаңа Контейнерлік терминалдың құрылысына, оны басқаруға және пайдалануға жауапты болады. Терминал жылына 500 000 ЖФЭ өткізу қабілетіне ие болады және Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды буынға айналады.