“ҚТЖ “ҰК” АҚ басқарушы директоры Е.Х. Қойшыбаевтың “Ляньюньган” ЖШҚ вице-президенті Ван Синьвэн мырза бастаған Ляньюньган порты (ҚХР) өкілдерінің делегациясымен ресми кездесуі “ҚТЖ “ҰК” АҚ-да өтті.

Кездесу барысында 2022 жылғы жұмыс нәтижелері талқыланып, Орталық Азия, Корея Республикасы, Жапония және оңтүстік-шығыс Азия елдері арасында Қытайдың Ляньюньган порты арқылы және Қазақстан арқылы тасымалдауды ұйымдастыру бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективалары белгіленді. ⠀ Тынық мұхиты портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалы арқылы жүк ағынын ұлғайтудың перспективалық векторы ТХКМ арқылы жүктерді тасымалдау болып табылады. ⠀ Айта кету керек, 2022 жылы бірлескен терминал контейнерлерін өңдеу көлемі 25 мыңнан астам ЖФЭ құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 6,1% - ға жоғары. ⠀ Қатысушылар Қазақстан мен ҚХР арасында қолайлы жағдайлар жасауға және тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған жаңа бірлескен көліктік-логистикалық жобалар мен бастамаларды құру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.