KTZ Express China Merchants Port және Sinotrans Limited компанияларымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

📅 2025 жылғы 25 тамыз
📍 Астана қ., KTZ Express бас кеңсесі
KTZ Express компаниясы Қытайдың ең ірі порттық операторларының бірі — China Merchants Port Holdings Company Limited (CMPort) және мемлекеттік China Merchants Group құрамына кіретін жетекші халықаралық логистикалық компания — Sinotrans Limited басшылығымен стратегиялық кездесу өткізді.
Кездесу барысында KTZ Express Бас директоры Д.М. Қожахметов компанияның Қазақстанда және шетелде терминалдық желіні дамыту жобаларын таныстырды. KTZ Express елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және халықаралық логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған негізгі бастамаларды ұсынды.
China Merchants Port Holdings және Sinotrans Limited өкілдері ұсынылған шешімдердің болашағын жоғары бағалап, терминалдық желіні дамыту және IT-жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.
Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және тиімді мультимодальды маршруттарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайту мақсатында стратегиялық әріптестікті дамытуға ниет білдірді.