«KTZ Express» АҚ мен «Халықаралық логистика CRCT Қазақстан» ЖШС басшыларының кездесуі өтті
Нұр-Сұлтан қаласында «KTZ Express» АҚ мен «Халықаралық логистика CRCT Қазақстан» ЖШС басшыларының кездесуі өтті, оның барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөздер шеңберінде тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы және Орталық Азия мен Еуропаға контейнерлік жеткізілім бойынша бірлескен жоба туралы уағдаласты.
«KTZ Express» АҚ-ның Қытайдағы өкілдігі «Синьцзян KTZ International Logistics Co., LTD» және «International Logistics CRCT Kazakhstan» ЖШС арасындағы кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия және Еуропалық одақ елдері бағытында контейнерлерді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.