KTZ Express және CRCT Қытай – Еуропа бағыты бойынша жаңа қызметті іске қосты

KTZ Express және CRCT Қытай – Еуропа бағыты бойынша жаңа қызметті іске қосты

KTZ Express China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT) Қытай мен Еуропа арасындағы тағы бір бағытты ашатын жаңа контейнерлік қызметті іске қосты.


2025 жылдың 28 ақпанында Чэндудан (ҚХР) Лодзьге (Польша) теледидар компоненттері тиелген алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты. Ол Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Түркия арқылы жүктердің үздіксіз жеткізілуін және өңірлер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ете отырып, жолды еңсереді. Сапардың күтілетін уақыты-40 күн.


Бұл бағыт аймақтың көлік мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар халықаралық логистиканы одан да икемді, жылдам және сенімді етеді. Сервистің іске қосылуы Қазақстанның негізгі транзиттік торап ретіндегі стратегиялық рөлін растайды және оның әлемдік жүк тасымалы картасындағы орнын күшейтеді.