KTZ Express Қытайға қазақстандық ұнды контейнерлерде жеткізуді ұйымдастырды

KTZ Express Қытайға қазақстандық ұнды контейнерлерде жеткізуді ұйымдастырды

«KTZ Express» АҚ филиалы - «KTZE -  Солтүстік» Қазақстанның Қостанай қаласынан ұнға толы контейнерлік пойызы Қытайдың Сиань қаласына жөнелтілді, онда қабылдаушы рөлін атқарған Қытайдағы ең ірі тамақ өндірушісі болып табылатын COFCO Group қытай ұлттық азық-түлік корпорациясы.

Жалпы салмағы 2154 тонна 98 жиырма футтық контейнер екі күн ішінде Қытаймен Қазақстан шекарасындағы Достық бекетіне жетіп, 6 күн ішінде пойыз барлық бағытты қамтыды.

Тасымалдаушылар құрамы басты артықшылықтарды атап өтті - ол жоғарғы сервис, қолайлы баға және жылдамдық.

Болжам бойынша, жыл соңына дейін жеткізілімдер тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.