KTZ Express ТМД Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 83-ші отырысына қатысты

KTZ Express ТМД Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 83-ші отырысына қатысты

📅 2025 жылғы 25-26 қараша

📍 Баку, Әзірбайжан


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясының құрамындағы KTZ Express өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 83-ші отырысына қатысты. Іс-шара жұмысына ТМД елдерінің, сондай-ақ Латвия мен Эстонияның темір жолдарының басшылары мен сарапшылары қатысты.

Отырыс барысында халықаралық теміржол қатынастарын дамытудың негізгі мәселелері: тасымалдауды ұйымдастыру, логистикалық процестерді цифрландыру, тарифтік саясат және Еуразияның тұрақты мультимодальдық маршруттарын қалыптастыру талқыланды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға, қозғалыс кестелерін синхрондауға және шекаралардағы рәсімдерді жеңілдетуге ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Әзірбайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Наби оғлу Набиевпен және «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Рустамов Р.М.-мен, сондай-ақ Эстония мен Беларусь елінің серіктестерімен екіжақты кездесулер өтті. Тасымалдау көлемін ұлғайту, мультимодальдық және контейнерлік маршруттарды дамыту, Каспий аймағына арналған кемелерді жеткізу және өткізу қабілетін арттыру мәселелері талқыланды.

KTZ Express-тің қатысуы компанияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы белсенді рөлін және Қазақстанның негізгі транзиттік торап ретіндегі позициясын растайды.