ТМТМ-ды бірлесіп дамыту: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, KTZ Express және CRCT басшылығының кездесуі

ТМТМ-ды бірлесіп дамыту: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, KTZ Express және CRCT басшылығының кездесуі

📍 Астана

📅 2025 жылғы 23 қыркүйек


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ, KTZ Express және China Railway Container Transport (CRCT) басшылығының кездесуі өтті.

Қазақстан тарапынан кездесуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Қойшыбаев Е.Х., KTZ Express бас директоры (Басқарма төрағасы) Қожахметов Д.М., сондай-ақ компанияның салалық бөлімшелері мен Middle Corridor Multimodal Ltd бірлескен кәсіпорнының басшылары қатысты.

CRCT делегациясын басқарма төрағасы Ян Бин бастап келді. Сондай-ақ келіссөздерге CRCT Қазақстан бас директоры Дай Ханьшэн, China United International Rail Containers бас директордың орынбасары Цзян Бо және CRCT бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Тараптар халықаралық теміржол тасымалдарын дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТМТМ) кеңейту, пойыздардың бірыңғай кестесін енгізу, Middle Corridor Multimodal Ltd бірлескен кәсіпорны аясындағы өзара іс-қимыл және жүктердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Цифрландыру және деректер алмасу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен CRCT өкілдері тасымалдау рәсімдерін жеңілдету және тиімділікті арттыруға бағытталған бірлескен жобаларға дайын екендігін білдірді. Келісімдер нәтижесінде KTZ Express цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын басқаратын болды.

Кездесу тараптардың әріптестікті нығайтуға және Еуразия нарығында ТМТМ бағытының бәсекеге қабілеттілігін бірлесіп арттыруға ұмтылысын растады.