Қазақстан, Ресей және Қытай контейнерлік тасымалдардың бірыңғай цифрлық платформасын құрады

Біз үш елді байланыстыратын маршрутта жүк тасымалын оңтайландырудың маңызды қадамы болатын бірыңғай цифрлық платформаны құру туралы хабарлауға қуаныштымыз.
2024 жылғы 2 шілдеде Астана қаласында «KTZ Express» АҚ (Қазақстан), «Славтранс-Сервис» АҚ (Ресей) және Xi’an Free Trade Port (Қытай) контейнерлік тасымалдардың цифрлық платформаны құру туралы келісімге қол қойды.
Қытай-Қазақстан-Ресей бағытында цифрлық платформаны құру туралы Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында өтті.
Цифрлық платформа кедендік ресімдеу, электрондық сауда және басқа да функцияларды біріктіретін интеграцияланған жіксіз жүйеге айналады. Бұл логистиканы едәуір жеңілдетуге, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сауда кедергілерін азайтуға, жеткізу тізбектерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Келісімде көзделген іс-шараларды іске асыруды Қазақстан, Ресей және қытай мемлекеттік органдарын, сондай-ақ маршрут елдерінің сыртқы-экономикалық қызметіне қатысушыларды процеске тарта отырып, жаңадан құрылған «CRK Терминал» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны жүзеге асыратын болады.