Тасымалдаудың жаңа стандарты: KTZ Express ұсынған Khorgos Gateway Құрғақ портындағы көліктерді контейнерлеу

Тасымалдаудың жаңа стандарты: KTZ Express ұсынған Khorgos Gateway Құрғақ портындағы көліктерді контейнерлеу

KTZ Express сенімді және қауіпсіз тасымалдау шешімін ұсына отырып, көлікті контейнерлеу қызметін енгізді. Бұл әдіс автомобильдерді сыртқы факторлардан қорғайды және тасымалдау кезінде зақымдану қаупін азайтады.


Контейнерлеу тиеу-түсіру процесін жеңілдетеді, жеткізуді жылдамдатады және логистикалық шығындарды азайтады. Бұл тәсілдің артықшылығы — оның тиімділігі және жүкті қорғаудың жоғары деңгейі.


«KTZ Express»  АҚ клиенттерге логистика және тасымалдау саласындағы озық шешімдерді ұсына отырып, өз қызметтерін жетілдіруді жалғастыруда. Автокөліктерді контейнерлеу — жүкті жеткізудің ыңғайлы, қауіпсіз және үнемді нұсқаларын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі.