KTZ Express және серіктестер Орта дәлізді дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайтты
.jpg&w=2048&q=75)
📅 2025 жылғы 29 шілде
Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында көлік-логистика компаниялары басшыларының іскерлік кездесулері өтті.
Келіссөздер барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т.С. Алдыбергенов пен KTZ Express бас директоры Д.М. Қожахметов Мерсин халықаралық портының бас директоры Аджай Кумар Сингхпен келесі негізгі мәселелерді талқылады:
- Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамыту,
- порттық қуаттарды ұлғайту,
- Азия – Еуропа бағыты бойынша тиімді мультимодальды логистикалық шешімдер құру.
Қазақстандық тарап серіктестердің тұрақты жүк тасымалдау көлемін қамтамасыз етуге дайындығын атап өтіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен PSA International бірлескен кәсіпорны – KPMC әлеуетін пайдалануды ұсынды. Аталған компания келесі бағыттар бойынша тасымалды белсенді дамытып келеді:
- Қытай – Түркия (Измит, Косекөйді қоса),
- Сиань – Стамбул,
- Циндао – Хоргос – Сергели.
Сол күні Орта дәліз бойынша жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты және бизнес дамытуды көздейтін төртжақты келісімге қол қойылды.
Құжатқа қол қойған тараптар:
- TCDD Taşımacılık A.Ş. (Түркия),
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ,
- Pacific Eurasia Logistics Company,
- «KTZ Express» АҚ.
KTZ Express атынан құжатқа бас директор Д.М. Қожахметов қол қойды.
Қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және өңірдегі халықаралық логистиканы дамытуға негіз болады.