Қазақстан-Сербия бизнес-форумында ТХКБ шеңберіндегі жобалар талқыланды

Қазақстан-Сербия бизнес-форумында ТХКБ шеңберіндегі жобалар талқыланды

2024 жылғы 12 қазанда Белградта Қазақстан-Серб бизнес-форумы өтті, онда екі елдің өкілдері бірлескен жобалар мен стратегиялық бастамалардың перспективаларын талқылады.


KTZ Express бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары У. А. Оразов Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған компанияның негізгі бастамаларын таныстырды.


«Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіндегі позициясын нығайту және Транскаспий халықаралық көлік маршрутының бүкіл бойында кешенді логистикалық тізбекті құру мақсатында біз жүктерді сіңіру мен бөлудің негізгі нүктелерінде терминалдық желіні жоспарлы түрде дамытамыз.


Қазіргі уақытта KTZ компаниялар тобы қытайлық серіктестермен бірлесіп Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салуға, сондай-ақ Алматы қаласында ГТС-21 бірлескен терминалын құру жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті.


Біз Орта дәліздің еуропалық бөлігінде терминалдық желіні қалыптастыру қажеттілігін көріп отырмыз, осыған байланысты компанияның алдағы жоспарларында Алят, Констанцы порттарында және Будапешт қаласында кеңейту де бар. Бұл жобаларды іске асыру жүк тасымалының транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді және бүкіл маршрут бойынша «есіктен есікке» толық логистикалық циклды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті У. А. Оразов


Айта кету керек, 10 айдың қорытындысы бойынша ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдар 46,3 мың ЖФЭ-не жетті (2023 жылға қарағанда 2.6 есе өсті), оның ішінде Қытайдан 27,6 мың ЖФЭ, бұл өткен жылғы көлемнен 26 есе көп.


Тасымалдау көлемінің бұл көрсеткіштері сауда мен инвестициялардың өсуіне ықпал ете отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді көлік байланысын қамтамасыз ететін маршруттың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.