KTZ Express өкілдері DIGITAL ALMATY - 2024 көрмесіне қатысты.

KTZ Express өкілдері DIGITAL ALMATY - 2024 көрмесіне қатысты.

1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында цифрлық бастамалар мен өзекті трендтерді талқылау алаңына айналған DIGITAL ALMATY - 2024 халықаралық цифрлық форумы өтті.

KTZ Express-тің шараға қатысуы көлік саласындағы цифрлық шешімдерді дамытудың өзекті мәселелерімен танысуға мүмкіндік берді. Цифрлық трансформацияға және ЕАЭО-ның еларалық және транзиттік тасымалдар бөлігінде интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған отырыс үлкен қызығушылық тудырды.

Өз тарапынан KTZ Express сервис сапасын жақсартуға және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыруға баса назар аудара отырып, бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және оңтайландыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

Компанияда тасымалдың барлық процестерін өзара интеграциялауды көздейтін IT-экожүйесі енгізіліп, клиенттік сервисті автоматтандырудың ашық процесін жасайды, атап айтқанда:

  • клиенттермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы шарттарға қол қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді, сондай-ақ WhatsApp және Telegram bot енгізілді;
  • ESG қағидаттарының маңыздылығын сезіне отырып, компания сайтында «CO2 Калькуляторы» орналастырылған, ол бағдарға байланысты тасымалдау шеңберінде СО2 шығарындыларының санын есептеуге мүмкіндік береді.

KTZ Express цифрлық сервистерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда, «Бірыңғай цифрлық терезе» жобасы бойынша жұмыс аяқталу кезеңінде тұр, оның шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның клиенттері мен барлық еншілес ұйымдары арасында жіксіз және үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында сату арналарын интеграциялау көзделген.