«KTZ Express» АҚ қытайлық кеңсесі жаңа мультимодальдық қызметімен логистика саласын кеңейтуде

«KTZ Express» АҚ қытайлық кеңсесі жаңа мультимодальдық қызметімен логистика саласын кеңейтуде

«KTZ Express» АҚ Қытайда Үрімшіге дейін автотасымалдауды және Үрімші-Алматы бағытында авиатасымалдауды қамтитын жаңа мультимодальдық сервистің іске қосылғанын қуана хабарлайды.

Компания ұсынған мультимодальдық шешім клиенттерге әртүрлі көлік түрлерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз етіп, жүктердің тез және сенімді жеткізілуіне кепілдік береді. Бұл шешім жеткізу уақытын азайтып және көлік құралдарын таңдаудағы икемділікті арттыра отырып, логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сервис қазірден бастап қолжетімді және клиенттер өздерінің сұраныстары мен тапсырыстарын sarzhanova.dana@ktzechina.com электрондық адресіне жібере алады.

Компания жаңа мультимодалды қызмет өз тұтынушыларына жоғары сапалы логистикалық шешімдерді ұсынуда маңызды қадам болатынына сенімді.

«KTZ Express» АҚ логистика саласында тиімді және инновациялық шешімдерді ұсыну миссиясына адал болып қалады және бұл қызметтің іске қосылуы компанияның қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.