Қытай - Қазақстан - Ресей бағытында жіксіз цифрлық экожүйе құрылады

Қытай - Қазақстан - Ресей бағытында жіксіз цифрлық экожүйе құрылады

Ағымдағы жылдың 7 маусымында «KTZ Express» АҚ бас директоры Д.М. Қожахметов, Xi 'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. Юань Сяоцзюнь және «Славтранс-Сервис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Ю. Голландцев Қытай-Қазақстан-Ресей бағыты шеңберінде «HUB to HUB» толық циклді интеграцияланған, жіксіз цифрлық экожүйені құру туралы декларацияға қол қойды.


Декларацияға XXVII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында мемлекеттердің бірінші тұлғаларының қатысуымен қол қойылды.


Толық циклді «HUB to HUB» цифрлық экожүйесі - бұл жеткізу мерзімін қысқартуға және көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, кедендік декларациялауды цифрландыру және ұлттық сегменттермен интеграциялау есебінен әртүрлі логистикалық процестерді, деректер мен технологияларды біріктіретін кешенді платформа.