None

None

2025 жылғы 4 ақпан мен 8 ақпан аралығындағы кезеңде «KTZ Express» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Д.М. Қожахметов Пәкістан Ислам Республикасында жұмыс сапарымен болып, елдегі ірі көлік-логистикалық компаниялардың басшылығымен, сондай-ақ Сауда министрлігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.


Келіссөздердің негізгі бағыты Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстың нарықтарына тауарларды экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ТрансАуған дәлізін дамыту болды.


Атап айтқанда, Ұлттық National Logistics Corporation (NLC) және Tranzum Courier Service (TCS) компанияларымен жүк тасымалдауды оңтайландыру және терминалдық және порттық инфрақұрылымды пайдалана отырып логистикалық шешімдерді әзірлеу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Пәкістанның Сауда министрлігімен логистикалық процестерді жеңілдету және Пәкістан арқылы өтетін бағыттардың тиімділігі мен тартымдылығын арттыру үшін кедергілерді жою шаралары талқыланды.


Порт аймағындағы көлік инфрақұрылымына ерекше назар аударылды – Карачи портының терминалдық қуаттары зерделенді, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінде терминалдық базаны құру тұжырымдамасы аясында аймақта «KTZ Express» болуын кеңейту мәселелері бойынша порт терминалдарының иелерімен келіссөздер жүргізілді.  


«Біз Пәкістанмен логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз», - деді Д.М. Қожахметов. «Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 50 миллион доллардан асады, бірлескен күш-жігер сауда-экономикалық байланыстарды нығайтады, бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және Қазақстанның негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын бекітеді».


Естеріңізде болса, 2024 жылы ТрансАуған дәлізі бойынша бірінші жүк тасымалы Қазақстаннан БАӘ-ге Карачи порты арқылы жалпы транзиттік уақыты 38 күнді құрайтын жүктерді жеткізумен жүзеге асты.