«Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк транзитін арттырады

«Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк транзитін арттырады

ҚТЖ: «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында транзитті ұлғайту бойынша стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткізілді.


Ағымдағы жылдың 29 ақпанында Чунцин қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев Чунцин муниципалитетінің порттық логистикалық аймағы және Yuxinou (Chongqing) Logistics Co. Ltd. платформасының басшыларымен кездесті.


Чунцин қаласы 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ $440 млрд жетіп, әлемдегі ең ірі қала (халқы 32 млн. адам) болып табылады. Бұл қала қосылған құны жоғары тауарлардың өндірісіне ие және Қытайда автомобиль экспорты бойынша көшбасшы болып табылады.


Yuxinou Чунцин қаласының логистикалық платформасы болып табылады және жылына батыс және шығыс бағыттарда 2500-ден астам пойыз жөнелтеді.


Кездесу барысында «KTZ Express» АҚ мен Yuxinou Қазақстан арқылы 200 контейнерлік пойыз ұйымдастыру және жөнелту туралы келісімге қол қойылды, оның ішінде Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты бойынша жүк көлемі 20 мыңнан астам ЖФЭ.


Ағымдағы жылдың басынан бастап Yuxinou мен ҚТЖ ТХКБ бойынша Чунцин мен Поти арасында жеткізу мерзімі орта есеппен 14 күнге дейінгі бірлескен сервис ұйымдастырды.


Еске сала отырып, 2024 жылдың басынан бастап ҚТЖ Сиань, Цзянсу, Пекин, Чжэнжоу, Чунцин логистикалық платформаларымен Қазақстан аумағы бойынша 3 500 транзиттік контейнерлік пойыз ұйымдастыру және жөнелту бойынша уағдаластыққа қол жеткізді, бұл шамамен 350 мың ЖФЭ құрайды.