KTZ Express чемпиондары «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасында 2025

📅 2025 жылғы 8–10 тамыз
📍 Астана, Қазақстан
2025 жылғы 8–10 тамызда Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында X Спартакиада өтті — еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған қызметкерлерді біріктірген ауқымды спорттық іс-шара. Шараның мақсаты — спортты насихаттау, корпоративтік рухты нығайту және командалық өзара іс-қимылды дамыту.
Жарыстар түрлі спорт түрлерін қамтыды: командалық (футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, киберспорт, асық ату, эстафеталық жүзу) және жеке (үстел теннисі, жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, жебеден ату, дартс және т.б.).
Үш күн қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ командасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, 28 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 8 күміс және 9 қола.
Бұл жетістікке KTZ Express қызметкерлері де үлес қосты, олар «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамасында өнер көрсетті:
- Жеңісқызы Ә. — 25–29 жас аралығындағы әйелдер арасындағы жүзуде алтын медаль.
- Лимаренко К. И. — 25–29 жас аралығындағы ерлер арасындағы жүзуде алтын медаль.
- Айдарбекова Д. Д. — әйелдер волейбол командасының құрамында күміс медаль.
- Степанцов А. В. — ерлер арасындағы шахматта қола медаль.
Теміржолшылар бірлесе отырып, спорт рухы, жеңіске деген жігер және командалық бірлік — компанияның ДНҚ-сында екенін дәлелдеді. KTZ Express өз спортшыларымен және олардың ортақ жеңіске қосқан үлесімен мақтанады.