Құрлық бағытында Қазақстаннан Қытайға пилоттық флекси пойызы іске қосылды

Құрлық бағытында Қазақстаннан Қытайға пилоттық флекси пойызы іске қосылды

Бір жарым мың тонна қазақстандық күнбағыс майын бүгін «KTZ Express» АҚ «Жаңғыру жол» ЖШС және ресейлік Europack компаниясымен бірлесіп Қостанай станциясынан Қытайдың солтүстік-батыс Наньтун портына жөнелтті. Салмағы 1500 тоннадан асатын жиырма футтық 82 контейнерден тұратын контейнерлік пойыз 14 күнде 6000 шақырымнан астам жолды жүріп өтеді. Мамандандырылған контейнерлер мен цистерналарға балама ретінде флекситанктерді пайдалана отырып жүктерді тасымалдау жүк жөнелтушілердің шығындарын оңтайландыру және қазақстандық өнімнің шетелдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан қызықты жаңа перспективалық қызмет болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұнайының флекситанктермен Көкшетаудан Қытайға Ресей арқылы өтетін дәстүрлі бағыт бойынша алғашқы жөнелтілімі 2021 жылдың 19 қарашасында жүзеге асырылды, содан кейін Қытайға 2000 тоннадан астам рапс майы жөнелтілді.