"Centrum logistics group" компаниялар тобымен кездесу

"Centrum logistics group" компаниялар тобымен кездесу

KTZ Express, Uzavtosanoat және Centrum Logistics Group бірлескен тасымалдар туралы келісімге келді.


Ағымдағы жылдың 20-21 ақпанында тасымалдау көлемін арттыру мақсатында «KTZ Express» АҚ басшылығы «Узавтосаноат» АҚ және «Centrum Logistics Group» АҚ-мен бірқатар кездесулер өткізді.


Тараптар Алтынкөл-Аблык-Қостанай-Алтынкөл бағыты бойынша айына 30 контейнерлік пойыз жөнелту бойынша бірлескен сервис ұйымдастыру туралы келісті. Бағыт бойынша Питнак қаласындағы «Khorezm Auto» ЖШҚ үшін құрамдауыштар мен қосалқы бөлшектерді айналмалы жеткізу жүзеге асырылатын болады.


«Узавтосаноат» АҚ Өзбекстандағы автомобиль жасау саласының көшбасшысы және «UZLOGISTIC» ЖШҚ-мен (Centrum Aviation FZCO және «УзАвто Моторс» АҚ бірлескен кәсіпорны) ынтымақтастықта бүкіл әлем бойынша тасымалдауды жүзеге асырады. Орташа жылдық тасымалдау көлемі 60 мыңнан астам ЖФЭ, компанияның жүк тасымалдарының басым бөлігі Транссібір бағытындағы Алыс Шығыс порттары арқылы жүзеге асырылады.


«Centrum Logistics Group» компаниясының тобымен ынтымақтастық «KTZ Express» АҚ үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, өйткені «Centrum Logistics Group» компаниясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құнды оңтайландыру және жеткізу мерзімін қысқарту қағидаттарына негізделген бағыт құрудың икемді жүйесі бар.


Қол жеткізілген уағдаастықтар KTZ Express-тің жүк тасымалдау индустриясындағы позициясын нығайтып, компанияның тұрақты өсуге және тасымал көлемін арттыруға ұмтылысын көрсетеді.