ҚТЖ Германиядағы халықаралық көлік-логистикалық көрмесіне қатысты

ҚТЖ Мюнхен қаласында өткен Transport Logistics 2023 халықаралық көліктік-логистикалық көрмесіне қатысты. Теміржол, автомобиль, су және әуе жүк тасымалы саласындағы ең ірі халықаралық форум 1978 жылдан бастап екі жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл көрмеге әлемнің 125 елінен 65 мыңнан астам адам қатысты. Transport Logistics 2023 шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ірі еуропалық теміржол компанияларымен және экспедиторларымен – Deutche Bahn, Rail Cargo, Rhenus Group, Metrans бірқатар кездесулері болып өтті. ҚТЖ компаниялар тобының қызметтер кешені, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту мүмкіндіктері – инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді жақсарту, бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар, озық IT шешімдерді енгізу таныстырылды.