KTZ Express Сиань-Достық/Алтынкөл-Селятино бағытында E-Commerce ынтымақтастығын дамытуда

KTZ Express Сиань-Достық/Алтынкөл-Селятино бағытында E-Commerce ынтымақтастығын дамытуда

2024 жылғы 18 қазанда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен Мәскеу облысы Үкіметінің өкілдерінің қатысуымен «KTZ Express» АҚ, Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. және Трансшекаралық электрондық коммерция саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Тараптар Селятино станциясында CRK Terminal қатысуымен жобаны іске асыру туралы келісті, ол қатысушылардың цифрлық үйлестірілуін қамтамасыз етеді және логистикалық процестердің ашықтығын арттырады.


CRK Terminal жеткізу мерзімін 10 күнге дейін қысқарта отырып, жабық HUB-to-HUB логистикалық циклін құра отырып, көлік маршрутындағы инфрақұрылымның негізгі нысаны болады.


Polyking New Horizons Tec. Industry Co., Ltd - Poly Group холдингі болып табылатын Sinosure Fund құрамына кіретін технологиялық компания.


«Славтранс-Сервис» АҚ - KTZ Express стратегиялық серіктесі, Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ірі көлік-логистикалық орталықтардың бірінің иесі.