Кореядан Орталық Азия елдеріне Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді

2024 жылғы 1 сәуірде Сеул қаласында теміржол көлігімен тасымалдау процесін оңтайландыру, сондай-ақ Қытайдан транзиттік тасымалды дамыту мәселелерін талқылауға бағытталған жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараны қытайлық ірі компаниялар - China Railway Container Transport Co., Ltd (CRCT) және Lianyungang Port Group (LPG) ұйымдастырды.
«KTZ Express» АҚ тарапынан іс-шараға Логистика жөніндегі бас директордың орынбасары А.И. Капар қатысушыларды Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитінің ағымдағы мүмкіндіктерімен таныстырып, ТХКБ тасымалдау шарттарына ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан тарапы үшін маңызды болып табылатын Кореядан Орталық Азия елдеріне қосалқы автомобиль бөлшектерін транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
«KTZ Express» АҚ CRCT және Hyundai, General Motors автомобиль концерндерімен бірлесіп жақын арада жеткізуге кірісуді жоспарлап отыр.