«KTZ Express» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойымен жартылай вагондарда көлемі 4500 тонна домна коксының тәжірибелік жөнелтілімін ұйымдастырды.

«KTZ Express» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойымен жартылай вагондарда көлемі 4500 тонна домна коксының тәжірибелік жөнелтілімін ұйымдастырды.

Жалпы ұзындығы 5264 шақырымды құрайтын жүк пойызының бағыты Ресей, Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы өтеді. ⠀ Предкомбинат станцияcынан (РФ) Түрікменстанның оңтүстігіне 100 бірлік жартылай вагондар Қазақстанның шекаралық Әлімбет және Болашақ станциялары арқылы транзитпен жолға шықты. Пойыз Қазақстан аумағы арқылы 1635 шақырымды 5 күнде жүріп өтті. ⠀ Айта кету керек, үшжақты және транзиттік тұрақты жүк тасымалын дамыту мақсатында KTZ Express, Ресей темір жолдары логистикасы және Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.