«KTZ Express» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. және «Юнионвэй» ЖШҚ арасында бірлескен логистикалық қызметтерді дамыту ниеті туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға ағымдағы жылдың 25 маусымында Шанхай қаласында Transport Logistic China 2024 көрмесі аясында қол қойылды.
Тараптар Беларусь Республикасындағы Свисло станциясында Қытай - Еуропа бағыты бойынша және кері бағытта тасымалданатын жүктерді өңдеу және тарату үшін логистикалық терминал құру арқылы күштерді біріктіру туралы келісімге келді.
Бұл қадам көлік инфрақұрылымын дамытудағы және еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды кезең болып табылады.