Хубэй провинциясымен (Қытай) ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Хубэй провинциясымен (Қытай) ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

2024 жылғы 27 наурызда «KTZ Express» АҚ Хубэй провинциясының (ҚХР) әкімшілігі мен бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында көлік-логистика саласындағы перспективалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қытай тарапының өкілдері Қазақстан бағытына, транзит арқылы Орталық Азия, Еуропа елдеріне, Мәскеу хабына және ТХКБ бойынша тасымалдауды ұйымдастыруға қызығушылық танытты.


Хубэй Қытайдың маңызды экономикалық орталығы. Мұнда көптеген ірі қытай компанияларының штаб-пәтері орналасқан, соның ішінде Dongfeng Motor Corporation және Wuhan Iron and Steel Group. Провинция сонымен қатар электроника, тамақ және тоқыма өнеркәсібінің ірі өндіріс орталығы болып табылады.


«KTZ Express» АҚ өз тарапынан компанияның теміржол көлігі және көліктің басқа түрлерімен де тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы мүмкіндіктерін таныстырды.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты орнатуға және оны одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады.