«KTZ Express» АҚ Түркістандағы жаңа әуежай құрылысына қажетті материалдардың уақытылы жеткізілімін қамтамасыз етеді

«KTZ Express» АҚ Түркістандағы жаңа әуежай құрылысына қажетті материалдардың уақытылы жеткізілімін қамтамасыз етеді

Түркістанда жаңа халықаралық әуежай салу үшін KTZ Express Түркиядан құрылыс материалдарының тасымалын ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда 14 қырық-футтық контейнер тасымалданды, тағы 2 қырық-футтық контейнер жолда. Контейнерлерге әртүрлі құрылыс материалдары тиелген, соның ішінде сынғыш жүк - шыны.

Тасымалдау Түркия елінен Гардабани (Грузия), Беюк Кисяк (Әзірбайжан), Ақтау порты арқылы Түркістан қаласына дейін ұйымдастырылады.

Еске салайық, Түркістанда жаңа әуежай құрылысын түрік инвесторлары YDA Holding компаниясы қолға алған. Әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған және замануи құрылыс технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылады.