KTZ Express Қытайдан Италияға тұрақты контейнерлік пойыз қызметін ұсынады

2019 жылдың қараша айынан бастап «KTZ Express» АҚ Үрімшіден Неапольге дейін томат пастасы тиелген 1500-ден астам жиырма футтық контейнерлер жөнелтілімінұйымдастырды, ал 2021 жылдың басынан бастап осы бағытта 8 контейнерлік пойыз ұйымдастырылды.
Үрімші-Неаполь маршруты Қытай-Еуропа бағытындағы транскаспийлік жүк тасымалдаудың ең ұзын бағыттарының бірі болып саналады. Үрімшіден қазақ-қытай бақылау-өткізу пункті «Хоргос» арқылы шекараны өтіп Алтынкөл станциясына келеді, сол жерден Ақтау портына жетеді. Қазақстандық портта томат пастасы бар контейнерлер фидер кемесіне тиеліп, Әзірбайжанның Баку портына, содан кейін Беюк-Кясикке (Әзірбайжан), одан кейін Грузияның Гардабани және Поти пунктеріне жіберіліп, Неапольге бет алған кемеге тиеледі.
Бірнеше елді байланыстыратын және тауарларды теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеуді қамтитын күрделі мультимодальды тасымалдау схемасына қарамастан, KTZ Express тауарлардың уақытында жеткізілуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді қызмет көрсетеді.
Ұзақ мерзімді перспективада компания жүктердің осы номенклатурасын Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемін және заңдылығын арттыруды мақсат етіп қояды.