2020 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық БАҚ үшін "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портына және Алтынкөл шекаралық теміржол станциясына баспасөз-хабарлама туры өтті

2020 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық БАҚ үшін "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портына және Алтынкөл шекаралық теміржол станциясына баспасөз-хабарлама туры өтті

2020 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық БАҚ үшін "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портына және Алтынкөл шекаралық теміржол станциясына баспасөз-хабарлама туры өтті, оның барысында қатысушыларға Қазақстан-Қытай шекарасында жүк ағындарын жедел өткізу үшін "ҚТЖ "ҰК" АҚ құрған заманауи инфрақұрылым таныстырылды.

Операторы "KTZ Express" АҚ мультимодальдық компаниясы болып табылатын "KTZE-Khorgos Gateway" логистикалық хабы — бұл Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында стратегиялық тиімді жерде орналасқан Орталық Азиядағы ірі Құрғақ порт.

Алтынкөл станциясы арқылы биыл біз бірқатар жаңа контейнерлік маршруттарды іске қостық – бұл Цзиньхуа (ҚХР) – Баку (Әзірбайжан), Сиань (ҚХР)- Измит (Түркия) Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша, Чэнсян (ҚХР) – Жодино (Белоруссия), Цзинань Нань (ҚХР) – Қыпшақ (Түрікменстан), Түркменбашы (Түрікменстан) – Циндао (ҚХР), сондай – ақ Алтынкөл - Мәскеу түйіні станциясының тұрақты контейнерлік сервисі".

"KTZ Express" АҚ компаниясы бүгінгі таңда ең қолайлы тарифтік шарттарды жасап, Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттардағы жүктердің жылдамдығы мен сақталуының толық параметрлерін ұстанып отыр. Ұзындығы 3128 км құрайтын Алтынкөлден Ақтау портына дейінгі учаскені контейнерлер үш тәулік ішінде өтеді, ал 2019 жылғы 16 сәуірден бастап "Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясының фидерлік кемесі апта сайын Баку портына 210-ға жуық контейнер жеткізеді, сол жерден жүктер темір жол арқылы Грузия мен Түркияға жөнелтіледі. Мысалы, қытайлық Сианнан түркияның Стамбулына дейінгі сапардың жалпы уақыты 16 тәулікті алады.