KTZ Express жетекші қытайлық логистикалық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтеді

2024 жылдың 4 маусымында KTZ Express China Railway International Freight Forwarding Co., Ltd (CRIFF) компаниясымен және Цзянсу провинциясындағы жетекші логистикалық платформалардың бірі - Jiangsu International Rail Freight Express Co., Ltd келіссөздер жүргізді.
Цзянсу провинциясы Қытайдың барлық өнеркәсібінің 15% және әлемдік өнеркәсіптің 3% қамтамасыз ететін жүк өндіруші аймақ.
Кездесу барысында «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы аясында көлік-логистикалық ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер, сондай-ақ тауарларды кедендік ресімдеу және электронды коммерция жүктерін жіберу мүмкіндіктері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында KTZ Express және Jiangsu International Rail Freight Express Co., Ltd. арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды және контейнерлік пойыздарды Қазақстан арқылы, оның ішінде ТМТМ бойымен бірлесіп ұйымдастыру және жөнелту туралы келісімдерге қол қойылды.