KTZ Express өкілдері жүк жіберушілердің қатысуымен дөңгелек үстелге қатысты

Іс-шара Павлодар қаласында орман, астық-бұршақ және ыдысты-даналанған жүк жіберушілерінің қатысуымен өтті. Қатысушылармен бірге өткен дөңгелек үстел аясында жүк жіберуші компаниялар үшін «KTZ Express» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірге жасалған оң шараларды, сондай-ақ халықаралық көлік дәлізі бойынша тасымалдаулардың көлемдерін арттыруға мүмкіндік беретін Қазақстандағы инфрақұрылымның мүмкіншіліктерін таныстырды.
«Компания клиентке бағдарлану деңгейін арттыру, қазақстандық өндірушілердің өнімдерін экспортқа ең аз шығынмен жеткізуді жүзеге асыру, өзінің инфрақұрылымы мен халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, транзиттік тасымалдардың өсуін қамтамасыз ету үшін сервисті кеңейту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде», - деп атап өтті «KTZ Express» Маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары М. Ахмеджанова. Сондай-ақ, сапар барысында «KTZ Express» делегациясы Екібастұз торабы станциялары жұмысының техникалық және пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мәселелері бойынша жұмыстық отырысқа қатысты. Отырыс энергетикалық кешеннің кәсіпорнында «Экибастузский ГРЭС -1 имени Булата Нуржанова» ЖШС басшылары мен «Павлодар ГП бөлімі» өкілдерінің қатысуымен өтті.