Ыстанбұлда TХКМ маршрутын дамыту бойынша Жұмыс тобының Отырысы өтті

Ыстанбұлда TХКМ маршрутын дамыту бойынша Жұмыс тобының Отырысы өтті


2021 жылдың 16-17 наурызында Ыстанбұл қаласында (Түркия) «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығы»ЗТБ жұмыс тобының бірінші көшпелі отырысы өтті.

Кездесу барысында Жұмыс тобының қатысушыларына Қауымдастықтың 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп, сондай-ақ 2021 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды. Қатысушылардың қорытынды баяндамаларында, COVID-19 пандемиясына байланысты қалыптасқан қиын жұмыс жағдайларына қарамастан, тұтастай алғанда маршруттың тұрақты дамуы, сондай-ақ транзиттік контейнер тасымалының өсуі атап өтілді.


«2020 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ТХКМ бағыты бойынша транзит 8,1 мың жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артты. 2021 жылы маршрут бойынша транзиттің өсу тенденциясы сақталуда және соңғы 2 айда оның көлемі 2,6 мың ЖФЭ құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге көп», - деді өз сөзінде KTZ Express акционерлік қоғамы Бас директорының сату жөніндегі орынбасары М.Ахмеджанова.

Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша ТХКМ Жұмыс тобы жүктерді тасымалдаудың даму жоспарлары мен көлемдерін, сондай-ақ 2021 жылға арналған жүк тасымалының келісілген тарифтерін бекітті. Сонымен қатар, ТХКМ маршрутының әлеуетін толығымен іске асыру және қатысушылардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Жұмыс тобы 2025 жылға дейінгі маршрутты дамыту стратегиясын қалыптастыру жұмысын бастауғакелісті.