Бірінші қазақстандық бидай тиелген контейнерлік пойызды БАӘ-ге жөнелту

12 мамырда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қазақстандық бидай партиясымен Джебель-Али портына алғашқы пойызды жөнелтті. Жүк трейдері IK Trading компаниясы болды.
Маршрут Түрікменстан мен Иран аумағы арқылы өтеді, содан кейін Бендер-Аббас портында ауыстырып тиеу және БАӘ-ге теңіз арқылы жеткізу. Орташа жол жүру уақыты 18 күнді құрайды.
Бұл қадам Еуразия мен Таяу Шығыс арасындағы логистикалық маршруттарды дамытудың кезекті кезеңі болды.