Түркиядан Қытайға Транскаспий бағыты бойынша алғашқы экспорттық жүк пойызы Ақтау портына келді.

Түркиядан Қытайға Транскаспий бағыты бойынша алғашқы экспорттық жүк пойызы Ақтау портына келді.

Қазлычешме станциясынан (Мармарай желісі) жөнелтілген ТМТМ бағыты бойынша алғашқы экспорттық контейнерлік пойыз биыл 4-ші желтоқсанда Ақтау портына келді.

Пойыздың жөнелтілуін Түрік темір жолдарының ресми операторы Pasific Eurasia Logistic компаниясы KTZ Express-пен серіктестікте ұйымдастырды.

Түркия мемлекетінде өндірілетін электрондық тауарлары бар 42 контейнерден тұратын пойыз маршрутының жалпы ұзындығы 8 693 км құрайды - бұл 2 континент, 2 теңіз және бес ел.

Пойыз Түркия аумағы бойынша 2 323 км, Грузия аумағы бойынша 220 км, Әзірбайжан аумағы бойынша 430 км, Каспий теңізі арқылы 420 км, Қазақстан аумағы арқылы 3200 км жүріп, әрі қарай Қытайдың Сиань қаласына барады.

Қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау процесі небары 12 күнді құрайды.

Қазақстанның Ақтау портында кемені теміржол платформаларына тексеру мен қайта тиеуді қоса алғанда, барлық қажетті операциялар жүктің сақталуының барлық параметрлері ұстана отырып, қажетті санитар-эпидемиологиялық нормалар қадағаланып _ _ _ _ сағат ішінде жүзеге асырылды.

"Түркиядан Қытайға контейнерлік пойызды ұйымдастыру - бұл Транскаспий халықаралық көлік бағдарына қатысушы елдердің табысты өзара іс-қимылының нәтижесі болып табылатын үлкен қадам", - дейді KTZ Express басшысы Дмитрий Абдуллаев. "ТХКБ-ны дамыту үшін Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай заманауи логистикалық инфрақұрылым құрылып дамуда және қолайлы тарифтік жағдайлар қамтамасыз етілген", - дейді ол.

Айта кететін жайт, жаңа пойызбен бірге Ақтау портына Сианнан Стамбулға кері бағытта жүретін тұрақты қарсы пойыз келді. Порт өкілдері ТХКБ маршруты бойынша Қытайдан Түркияға қойылған тұрақты сервис, жүк жөнелтушілер арасында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті, өйткені ол баламалы маршруттармен салыстырғанда жүктерді жеткізу жылдамдығы мен құнының талаптарына жауап береді.