«ҚТЖ» ҰК» АҚ China COSCO Shipping Corporation компаниясымен ынтымақтастықты тереңдетуде
.jpg&w=2048&q=75)
📅 2025 жылғы 26 қыркүйек
📍 Алматы, Қазақстан
2025 жылғы 26 қыркүйекте China COSCO Shipping Corporation делегациясы Бас директордың орынбасары Линь Цзидің басшылығымен Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында қытайлық делегацияны KTZ Express Бас директоры Қожахметов Д.М. және «Кедентранссервис» АҚ өкілдері бастап жүріп, ГТС-2 логистикалық кешенін аралады. Тараптар кешен аумағында серіктестік пен сенім ағашын отырғызып, тұрақты әріптестіктің өркендеуіне және бірлескен жобаларды іске асыруға адалдықтарының нышаны ретінде белгіледі.
Еске сала кетейік, KTZ Express пен China COSCO Shipping Corporation серіктестікте Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт – KTZE - Khorgos Gateway-ді басқарады.