Трансеуразиялық тасымалдау жөніндегі Халықаралық үйлестіру кеңесінің 29-шы пленарлық отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы С.Мыңбаев Азия-Еуропа-Азия контейнерлік тасымалын дамытуға арналған Трансеуразиялық тасымалдау жөніндегі Халықаралық үйлестіру кеңесінің 29-шы пленарлық отырысына қатысты. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл шара онлайн-пікірталас форматында өтті.
Пікірталас Азия - Еуропа бағыты бойынша теміржол көлігі нарығындағы ағымдағы жағдай, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту және процестерді цифрландыру тақырыптары аясында орын алды.