KTZ Express TХКМ маршрутында жаңа контейнерлік пойызды іске қосты

KTZ Express TХКМ маршрутында жаңа контейнерлік пойызды іске қосты

Алғаш рет Сиань (Қытай) - Измит (Түркия) бағытындағы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен (ТХКМ) жүріп өтті.

Пойыз Республика аумағына Алтынкөл шекара бекеті арқылы келді.  Кейін пойыз TХКМ маршрутымен Ақтау портына өтіп, Баку портына фидерлік кемемен жеткізіледі. Одан әрі жүк Әзірбайжан мен Грузия аумақтары арқылы Түркияға жеткізіледі.

Әртүрлі тұтыну тауарлары тиелген 41 қырықфуттық контейнерлерден тұратын контейнерлік пойыз жөнелту пунктінен межелі жерге дейінгі қашықтықты 16 күн ішінде жүріп өтеді.

«Транзитттік хабарламада 2020 жылдың үш айында Транскаспий маршруты арқылы 1,1 мың ЖФЭ тасымалданды», - дейді «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев.

Оның айтуынша, маршрут қазақстандық экспорттаушыларға өз өнімдерін Әзірбайжанға, Грузияға, Түркияға, сондай-ақ Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар компания қолайлы тарифтік жағдайларды жасау мен трансқазақстандық бағытқа жүк көлемін тарту бойынша тұрақты жұмыс істейді.