KTZ Express пен CRCT және Исткомтранс ынтымақтастығы: бірлескен сервис аясында «Жетіген» КЛО-ға алғашқы импорттық контейнерлік пойыздар келді

Ағымдағы жылдың 3 маусымында «Жетіген» көлік-логистикалық орталығы (КЛО) маңызды оқиғаны атап өтті - KTZ Express, CRCT және Исткомтранс бірлескен күш-жігерімен құрылған жаңа өтпелі мультимодальдық сервис аясында алғашқы импорттық контейнерлік пойыздардың келуі. Бұл сервис контейнерлік жүктерді Қытайдың орталық бөлігінен Қазақстанға «Жетіген» КЛО арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді.
KTZ Express жедел жұмыс департаментінің директоры А. Пазылбеков Исткомтранс бас директоры А. Абайдельдиновпен және CRCT Қазақстан бас директоры Х. Гочи бірлесіп қызыл лентаны кесу рәсімін өткізді. Бұл оқиға бірлескен жұмыстың үйлесімділігін және өңірдің көлік логистикасын дамытуға қосқан үлесін растайды.
Қазiргi заманғы темiр жол инфрақұрылымы мен «Жетiген» КЛО автоматтандырылған басқару жүйесi келетiн контейнерлердi рекордтық қысқа мерзiмде өңдеуге мүмкiндiк бередi, бұл жүктердi соңғы межелi пунктке дейiн жеткiзу мерзiмдерiн дәл болжауды қамтамасыз етедi.