KTZ Express қазақстандық сары майды флекситанктерде Қытайға жөнелту бойынша тағы бір пилоттық жобаны іске қосты

2022 ж. 31 қазанда “KTZ Express” АҚ, “Халықаралық логистика (CRCT) Қазақстан” ЖШС және Tiehai Shunda International Freight Forwarding (Пекин) Co. Ltd. бірлесіп флекситанктарда өсімдік майын тасымалдау бойынша сервисті іске қосты. ⠀ 90 жиырма футтық контейнерден тұратын пилоттық контейнерлік пойыз қазақстандық Чкалово – Достық станциясынан Қытайдың Сиань станциясына қарай жөнелтілді. ⠀ Бір реттік WEIYI флекситанкын пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша жауапкершілігі шектеулі Гуанчжоу компаниясы шығарады. CRCC10217P10814R1S сертификаты негізінде Қытай жолдары желісі арқылы тасымалдауға рұқсат етілген азық-түлік, қауіпті емес және құйылатын жүктерге арналған 20 футтық әмбебап контейнерлерде тасымалдауға арналған. ⠀ Алаңда тікелей контейнерлеу майлардың сапасын сақтауға мүмкіндік беріп, олардың қосымша жүктемесін болдырмайды.