KTZ Express «John Deere» ауылшаруашылық комбайндарының тасымалын ұйымдастырады

KTZ Express «John Deere» ауылшаруашылық комбайндарының тасымалын ұйымдастырады

«KTZ Express» акцинерлік қоғамы DHL China компаниясымен бірігіп жүзеге асыратын «John Deere» ауылшаруашылық комбайндарын тасымалдау осылай әсерлі көрінеді.

«KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портының ауыстырып тиеу терминалы арқылы Қытайдан Түркіменстанға 300 габаритті емес жабдық жіберілді.

Комбайндарды жылдамдық мен қауіпсіздік параметрлерін сақтай отырып аптасына 50 комбайн арнайы платформаларда дамыған технология бойынша тасымалданды.

Еске сала кетсек, John Deere компаниясы 2017 жылдан бастап ауылшаруашылық техникаларын тасымалдауды бізге сеніп тапсырды. Үш жылдық ынтымақтастық барысында біз 1474 комбайн тасымалын жүзеге асырдық.