"ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен "Қытай темір жолдары" Директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфудың бейнеконференция форматында жұмыс кездесуі өтті
.jpeg&w=2048&q=75)
2020 жылдың 20 қыркүйегінде "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен "Қытай темір жолдары" Директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфудың бейнеконференция форматында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі оң динамиканы көрсетіп отырғаны атап өтілді.
"2020 жылдың 8 ай ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдау көлемі 14,2 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға артық", - деп атап өтті Лу Дунфу.
2020 жылдың қорытындысы бойынша тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық өткелдер арқылы 21 млн.тонна деңгейінде жүк тасымалдау көлемін күтуде.
Әңгіме барысында тараптар Достық - Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы тасымал көлемін арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.