«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының клиенттері мен серіктестері үшін онлайн-презентация өткізілді

Өткен аптаның жұмасында «ҚТЖ» ҰК»АҚ компаниялар тобының клиенттері мен серіктестері үшін онлайн-презентация өткізілді, оның мақсаты астық пен бұршақ дақылдарын тасымалдауды талқылау болды. Іс-шараға астық нарығындағы 40-тан астам ірі компания қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстанда астық жинау қарқынды өсіп келеді, сондықтан жоғары сапалы логистикалық қызметтер көрсету менастық жоғары сұранысқа ие маусымдық кезеңдердегі тасымалдаудың ең жақсы нұсқаларын табу – «ҚТЖ» ҰК»АҚ еншілес компаниялары болып табылатын «KTZ Express»АҚ мен «Кедентранссервис»АҚ-ның басым міндеттері.
Тасымалдау процесінің мәселелерін талқылауға бағытталған іс-шара барысында қатысушылар қазақстандық астық өнімдерінің экспортын қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылап, контейнерлерде астық пен бұршақ дақылдарын тасымалдауға арналып қалыптасқан балама тәсілдерге ерекше назар аударды.
Контейнерлеудің артықшылықтарының қатарына жіберушілер жүктің өзгергіштігін атап өтуде: элеваторда және астық сақтау орындарында (қораларда), алыс қашықтыққа тасымалдау мүмкіндігі, жоғары жылдамдықпен тасымалдау мүмкіндігі, «есіктен есікке» және маршрут бойынша қайта жүктеу қажеттілігінсіз тасымалдау және басқалары.
Бүгінгі таңда қазақстандық астықты экспорттау негізінен Новоишимская, Қостанай, Павлодар, Денисовка стансаларынанДостық шекара өткелі арқылы Орталық Азия мен ҚХР бағытында, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) бойымен Қазақстанның Көкшетау және Қостанай қалаларынан Ақтау теңіз порты арқылы Әзірбайжанның Баку портына, одан әрі Түркияның Мерсин қаласынажүзеге асырылады.
«Халықаралық транскаспийлік консорциумның үйлестірушісі ретінде KTZ Express аталған маршрутта қолайлы транзиттік жағдайлар жасауға мүдделі», - дейді «KTZ Express» акционерлік қоғамының басшысы Дмитрий Абдуллаев. Оның айтуынша, соңғы жылдары атқарылған жұмыстар Транскаспий бағыты үшін коммерциялық артықшылықтарды қалыптастырды. «Біз бүгін клиенттерге TХКМ маршруты арқылы ұйымдастырылған контейнерлік пойыздарда қауіпсіздік пен жылдамдық параметрлерін сақтай отырып және өте бәсекелі бағаны ұсыну арқылышығыс Қытайдан Түркияға 14-15 күн ішінде тасымалдауды ұсына аламыз», - дейді ол.
Контейнерлерді кез-келген аймаққа тиеуді жедел қамтамасыз ету үшін KTZ Express контейнерлері бүкіл Қазақстан бойынша орналастырылғанын атап өткен жөн.
Жалпы, Қазақстан арқылы өтетін барлық маршруттарда кешенді қызмет көрсету мен клиенттермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете отырып жүк ағындарын қабылдау мен қызмет көрсетуге қолайлы жағдайлар жасалды, клиенттерге ыңғайлы болу үшін алдыңғы қатарлы IT қызметтері құрылды және Қытай, Ресей, Еуропа елдерінде және Қазақстанның ірі қалаларында халықаралық кеңселер ашылды.