KTZ Express Қытайдың жетекші провинцияларымен ынтымақтастықты кеңейтуде

KTZ Express Қытайдың жетекші провинцияларымен ынтымақтастықты кеңейтуде

2024 жылғы 23 маусымда Чжэцзян провинцияның мэрия өкілдері Қазақстан Республикасына іскерлік сапар барысында Алтынкөл станциясының, «Қорғас - Шығыс қақпасы» ЕЭА, «KTZE - Khorgos Gateway» және «Кольжат» құрғақ порттарының, сондай-ақ KIF Warehouses қойма кешенінің өндірістік процестерімен және қызметімен танысты.


Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың маусым айының басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Чжэцзян провинциясының мэриясы арасында Қазақстан мен Қытай аумақтарында терминалдық қызметті бірлесіп дамыту туралы Меморандумға қол қойылған.


Чжэцзян Шығыс Қытайдың экономикалық жағынан ең дамыған провинцияларының бірі болып табылады. Провинция аумағында 17-ден астам порт бар, олардың ішіндегі Қытай - Еуропа және Қытай - Орталық Азия қатынасы бар контейнерлік пойыздары неғұрлым көп қалыптасқан Цзиньхуа және Иу болып табылады.


KTZ Express пен Чжэцзян провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту терминалдық қызметті бірлесіп дамыту жолымен Қазақстан мен Қытай арасында бірыңғай логистикалық тізбектерді қалыптастыруды нығайтуға мүмкіндік береді.