«KTZ Express» АҚ-ның басшысы «Жаңа экономикалық парадигмадағы еуразиялық мультимодальды тасымалдауды дамыту» Халықаралық онлайн бизнес форумына қатысты

«KTZ Express» АҚ-ның басшысы «Жаңа экономикалық парадигмадағы еуразиялық мультимодальды тасымалдауды дамыту» Халықаралық онлайн бизнес форумына қатысты

15 шілде күні «KTZ Express» АҚ-ның басшысы «Жаңа экономикалық парадигмадағы еуразиялық мультимодальды тасымалдауды дамыту»  Халықаралық онлайн бизнес форумына қатысты. Халықаралық Трансазиялық көліктік үйлестіру кеңесімен Beijing North Star Events Group және Chengdu Municipal Port and Logistics Office бірлесе отырып ұйымдастырылған болатын.

Бизнес-форумға екі жүзден астам Азия, Еуропа және ТМД елдерінің теміржол және көліктік-логистикалық компаниялардың уәкілетті өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар Қытай-Еуропа бағытындағы мультимодальды көліктің әлеуетін жүзеге асыру, темір жолдар мен теңіз порттарының өзара әрекеттесуі, Қиыр Шығыстағы көліктің COVID-19 пандемиясымен байланысты карантиндік шаралардан кейін экономикалық қалпына келу жағдайында дамуы мәселелерін талқылады.

«KTZ Express» АҚ басшысы өз сөзінде Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері және ел аумағы арқылы өтетін бағыттарда жүк жөнелтушілер үшін жасалған қолайлы жағдайлар туралы айтты.

«Бүгін біз пандемия кезіндегі клиенттермен ыңғайлы қарым-қатынас жасау үшін онлайн өнімдер жасадық, кешенді қызмет көрсетумен бірге санитарлық нормаларға сәйкес жүк ағынын қабылдау мен күту үшін барлық жағдайларды жасадық», - деп атап өтті Д. Абдуллаев.